«5-10-20» бағдарламасына құжат қабылдау қашан басталады? «Баспанаға бағыт»
Тұрғын үй нарығында қандай жаңалықтар бар? Қолжетімді баспанаға арналған «5-10-20» бағдарламасы қандай бағдарлама? Бұл бағдарлама кімдерге арналған? 2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша жергілікті атқарушы органдарда 540 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Осы жобаға бюджеттен 390 млрд теңге бөлінген. Енді табысы аз, меншігінде үй жоқ, кезек күткен тұрғындар баспаналы бола ала ма екен? Бағдарлама қонағы ТҮКЖБ АҚ Орталық филиалы директорының орынбасары – Әсел Төлеуғалиева.