Коллекторға өткен несиені қалай өсімпұлсыз төлеуге болады? «Баспанаға бағыт»
Бірінші несие бюросының мәліметінше, Қазақстанда 9 миллион 230 мың адам экономикалық белсенді топқа жатады. Олардың ішінде 1 миллион 700 мың адам мүлде несие алмаған екен. Несиесі жоқтардың денін 18-22 жас аралығында жастар мен 45 жастан асқан егде жастағы адамдар құрайды.
Ал еліміздің қалған 7,5 миллион азаматының банктер мен басқа қаржы ұйымдарында несиесі бар екен. Банктен қарыз алып, оны қайтара алмай берешегі коллекторлық компанияның құзырына өтіп кеткен борышкерлердің мәселесі қандай болмақ?