Несие берілмейтін жағдайлар, «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктері. «Баспанаға бағыт»
Жыл басында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы микроқаржылық қызмет пен салық салуды реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу заң күшіне енді. Осыған байланысты кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз кредит берілмейтін болды.
Ал биыл ең төменгі күнкөріс деңгейі 1 сәуірден бастап 32668 теңге мөлшерінде бекітілгені белгілі. Яғни табысы сол суммадан аспайтын тұрғындарға кредит беруге тыйым салынды.