«Баспанаға бағыт». «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларына өзгерістер енгізілді?
1 қаңтардан бастап елімізде «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларына өзгеріс енгізілді. Енді екі бағдарлама бойынша мүмкіндік арта түспек. Бұл бағдарлама бойынша салымшылардың табыс шегі ұлғайды. Мысалы, «Бақытты отбасы» бойынша отбасының әр мүшесінің соңғы 6 айдағы табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни – 106, 336 теңгеден, ал «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 126,917 теңгеден аспауы тиіс.