«Баспанаға бағыт». Пәтер жалға алғанда алаяқтардың құрбаны болмау үшін нені білу керек?
Елімізде ең көп пәтер жалдап тұратын аймақтардың көш басында елорда мен Алматы қаласы тұр. Жұмыс орындарының көптігі, жоғарғы оқу орындарына келген студенттердің саны пәтер жалдаушылардың қатарын көбейтеді. Ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы пәтерлердің шаршы метрі орта есеппен 2500 теңге болса, Алматыда 2600 теңгені құрайды. Негізінен пәтер жалдаушылардың 80% барлық жағдайы жасалған көпқабатты пәтерлерге орналасады, тек 20% ғана жер үйлерді паналайды.