«Баспанаға бағыт». Үйді салғанда қандай құрылыс материалдарын пайдаланған жөн?
Үй құрылысына пайдаланатын материал бағаға, үй жобасына, құрылыс жылдамдығына қатты әсер етеді. Сондай-ақ ол үйдің сыртқы көрінісіне әдемілік беріп қана қоймай, әртүрлі климаттық жағдайға да төзімді болуы қажет. Үйге арналған құрылыс материалының төзімділігі мен беріктігі де өте маңызды.