«Баспанаға бағыт». Депозит ашарда банкті қалай таңдау керек?
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандық банктердегі салымдар 21,56 триллион теңгеге өскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%немесе 3,58 триллион теңгеге көп. Ал өсім инфляциядан 3 есе артық. Яғни әлемдегі «коронадағдарысқа» қарамастан қазақстандық банктер халық пен бизнестің сенімін сақтап, депозиттегі қаражаттың көлемін арттырған.
«Баспанаға бағыт» бағдарламасының бұл шығарылымында депозит ашарда банкті қалай таңдау керегі айтылады.