«Баспанаға бағыт». «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?
«Алматы жастары» бағдарламасы сияқты елордада жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ. Ол «Елорда жастары» деп аталады. Аты айтып тұрғандай, енді жеңілдетілген несиеге шаһардың жастары үй рәсімдей алады.
Бұл бағдарламада қолданыстағы заңнама бойынша Нұр-Сұлтан қаласында кезекке тұра алмай жүрген жастарды қамту карастырылған.
Ипотеканың бастапқы жарнасы – 10%, жылдық үстемақысы 5% құрамақ. Ал пәтердің құны 13 млн теңгеге дейін болуы тиіс.
Толығырақ ақпаратты «Баспанаға бағыт» бағдарламасынан біліңіз.