Хабар телеарнасы

«Баспанаға бағыт». Көпқабатты тұрғын үйден дүкен ашу жолдары. Колледжге түсу талаптары

«Баспанаға бағыт» бағдарламасының кезекті шығарылымы сауда жасап, кәсіппен айналысқысы келетіндерге арналады. Сондай-ақ, оқу жылын тәмамдап, колледжге түсетін талапкерлер үшін енгізілген соңғы өзгерістер жайлы да біле аласыздар. Көпқабатты тұрғын үйлердегі азық-түлік дүкендері сатушы үшін де, тұтынушылар үшін де пайдалы. Дегенмен тұрғын үй аумағында дүкен ашудың машақаты да аз емес. Ең алдымен сауда орнын ашу үшін халық көп шоғырланған жерді таңдаған дұрыс. Биылдан бастап 9-сыныпты аяқтаған оқушылар колледжге түсу үшін емтихан тапсырмайды. Колледжге түскен оқушылардың оқу мерзімі де қысқарды. Енді 9-сыныптан кейін 2 жыл, 11 -сыныптан кейін 1,5 жыл оқитын болады.