«Баспанаға бағыт». «7-20-25» бағдарламасы: қарыз беруге 55 732 өтінім қабылданды
12 сәуірден бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданады. Бағдарламаға көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы, толық емес отбасы санаттары бойынша мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған «Отбасы банкінің» салымшылары қатыса алады. Енді жолдама алу үшін әкімшілікке барудың қажеті жоқ. Биылдан бастап өтінімдер онлайн қабылданады.
Жеңілдетілген заем алу үшін әр отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері соңғы алты айда ай сайын 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 106 336 теңгеден аспауы қажет. Бұған дейін осы талапқа сай келмеген отбасылар осы жылы бағдарламаға қатысып, қоныс тойын тойлай алады.