Жылжымайтын мүлікті сақтандыруда нені білу керек? «Баспанаға бағыт»
Дамыған елдерде жеке мүлікті, денсаулықты, тіпті өз өмірін сақтандыру жүйесі сұранысқа ие. Олар үшін сақтандыру күтпеген қаржылық шығынның алдын алу мен тәуекелді басқарудың тиімді тәсілі саналады. Мұндай елдің азаматтары өздерінің табыстарына қарамастан, үйі мен көліктерін бірден сақтап қояды. Яғни сақтандыру өз еркімен жүреді.
Біздің елімізде де сақтандырудың екі түрі бар. Ол – міндетті және ерікті сақтандыру. Жеке мүлікті сақтандыру, сақтандырмау өз еркіңізде. Сонымен, сақтандыру – қандай да бір оқыс оқиғалар туындаған кезде азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесі. Бүгінде бұл жүйе үйді табиғи апат, өрт, жарылыс, үшінші тұлғалардың мүлікті бүлдіруі сынды қауіп-қатерден сақтандыруды ұсынады.