Балаларға арналған депозиттер. «Баспанаға бағыт»
Кез келген ата-ана бала дүниеге келісімен Отбасы банкінен баласынынң атына депозит аша алады. Барша қазақстандықтар үшін қолжетімді салым «Арнау» деп аталады. Ол үшін қаражатты баланың кішкентай кезінен бастап жинауға кеңес береміз. «Арнау» депозитінің жинақтау мерзімі – 10 жылдан 15 жылға дейін. Осы уақыт аралығында депозитте болашақта алатын баспана құнының 50 % жиналуы қажет.