«Бір туынды тарихы» циклі: «Заман-ай» деректі фильмі
Ұлтқа жасалған қастандық. Жазылмас қасірет. Жарымжан жандар. Ұлттық трагедияға айналған Семейдегі жарылыстан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, зардабын бүгінгі ұрпақ әлі тартып келеді.
Заманы өзгерсе де, ұлтқа төнген қатер тұрғысында мазмұны өзгеріссіз тарихпен қайта келген сол оқиғаның ұранына айналған бір ән бар. Ақын Ұлықбек Есдәулет пен композитор Төлеген Мұхамеджановтың туындысы бүгінде тағдыры ортақ жапон елінде де шырқалып жүр.
Зарлы күндердің куәсіндей «Заман-ай» әнінің шығу тарихы «Бір туынды тарихы» бағдарламасында.