Тапшылық қолдан. «Біздің мақсат»
Нарықтағы дизельге сұраныс 5,5 млн тонна. Өндіріс бар болса, ол өңделіп жатса, неге тапшылық туындап отыр? Өткен аптада үкімет басшысы: «дизель отыны тапшылығына Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және Қазақстан темір жолы кінәлі», – деді. Өңірлерге сұйық отын уақытылы жеткізілмеген соң, жеткізілсе де қадағалаудың болмауынан баға мың құбылғанын растады. Тіпті, дизельді сыртқа сататындар бар. Яғни, бар дизельдің өзін халыққа дұрыстап жеткізіп бере алмай отырмыз ба?