Хабар телеарнасы

ЕМ ІЗДЕП, ЕЛ АСЫП ЖҮР. «Бүгін»

Әлемде 7 мыңнан астам сирек кездесетін ауру бар. Мұндай аурулармен ауыратындардың 75%-і балалар. Өкінішке қарай, Қазақстан аумағында да дертке душар болғандар тіркеліп жатыр. Ресми дерек бойынша елімізде 40 мың адам сирек кездесетін ауруға шалдыққан десек, оның 13 мыңы балалар екен.

Шипа іздеп шекара асатындай-ақ бар. Өйткені орфандық аурулардың біршамасы отандық медицина тәжірибесінде кездеспеген. Әттеген-ай дейтін жері де – осы! Ел медицинасының бұл бағытын қалай дамыта аламыз? Сирек кездесетін ауруға шалдыққандарға мемлекет қандай көмек көрсетуі тиіс?
«Бүгін» бағдарламасында осы тақырыпты қаузаймыз.

Студия қонақтары:
1. ЖАНАР САДУОВА, ҚР ДСМ Балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау департаментінің басшысы
2. ОЛЖАС ЫСҚАҚОВ, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті басшысының орынбасары
3. БАУЫРЖАН ЖҮСІПОВ, ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры
4. САҒЫНЫШ ЖАҚСЫЛЫҚ, Айсезімнің әкесі
5. РӘЗИЯ АЛПЫСОВА, Әлидің анасы
6. ҒАЛЫМЖАН ЕЛЕУОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
7. ҒАЗИЗ ҚҰЛАХМЕТОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты