«Бүгін» ток-шоуы
COVID-19 пандемиясы елдегі көптеген мәселені, соның ішінде тележобаларды да қайта қарау керек екенін дәлелдеді. Халық ашық, шынайы әрі жан-жақты ақпаратты талап етеді. Сондықтан әлеуметтік-қоғамдық бағыттағы күнделікті ток-шоу елдегі күрделі мәселелерді тезірек шешуге ықпал етіп, халықтың билікке деген сенімін арттыруға жол ашпақ.
Бұл бағдарламада әр азамат қоғамдағы кез келген мәселеге қатысты өз ойын ашық білдіруге, жеке басындағы әлеуметтік мәселесін құзырлы орындарға жеткізуге мүмкіндік алады.
Тележоба мақсаты – қоғам назарын аударған өзекті, шулы тақырыптарды кеңінен талқылау, оқиға кейіпкерлерінен жедел пікір алу, мәселенің шынайы бағасын беріп, егжей-тегжейлі талқылау.