Хабар телеарнасы

23 Маусым - Қазақстан полициясы күні. «Бүгін»

Бүгін Қазақстан Республикасының полициясы күні. Сондай-ақ ел тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті қадағалаған полиция қызметінің құрылғанына биыл 29 жыл.
 
Ендеше, ел ішіндегі тәртіпті бақылауда ұстап, тынымсыз еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, бұл эфирді осы мамандық иелеріне арнаймыз.

Студия қонақтары:
1)  Дүйсенбек Нұржан Нұрбекұлы – Жезқазған қалалық Полиция басқармасы Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны;
2)  Әбішев Ержан Жұманұлы – Қарағанды облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі;
3)  Үсіпбеков Сұлтанбек Асанұлы – Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі;
4)  Нұрбеков Аят Мұратханұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ  Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Идеологиялық жұмыс бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі;
5)  Сейітжанов Сабыржан Жарылқағанұлы – ҚР ІІМ Көші қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі, Екінші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері.