Хабар телеарнасы

Мұңы көп мұңлық. «Бүгін»

Адам саудасы адамзат тарихындағы ең әділетсіз, адам құқығы тапталған аяусыз мәселе болып тұр. Әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70%-тен астамын әйелдер мен қыздар құрайды екен. «Бұл мәселе бойынша дүниежүзілік статистикада Қазақстан 83-ші орында», – дейді кейбір ақпарат көздері. Өзін адам саудасының құрбаны болдым, 40 жылдық ғұмырымның 22 жылында «құлдық қамытын кидім» деген Мадина екі айдан кейін студияға келді. Бүгін біз күрмеуі әлі де шешілмеген оқиғаның ақ-қарасын анықтау мақсатында осы тақырыпты қайта ортаға салып отырмыз. Адам саудасының алдын алуға қандай факторлар септігін тигізеді? Толығырақ «Бүгін» бағдарламасынан біле аласыздар.

Студия қонақтары:

1. Мадина Аманбаева, жәбірленуші;

2. Сәуле Әубәкірова, «Қайсар» қоғамдық қорының заңгері;

3. Оксана Тарабукина, «Қайсар» қоғамдық қорының басшысы;

4. Өзбек Нұрғазин, шаруашылық иесі;

5. Жанна Нұрғазина, шаруашылық иесі;

6. Қанат Съезд;

7. Нұридин Дауылбаев, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басқарма бастығы;

8. Серікгүл Сәли, психолог.