Хабар телеарнасы

Дінаралық диалог. «Бүгін»

Биыл елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезі өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты келесі жылға шегерілді. Дегенмен бүгін съезд хатшылығының жұмыс тобы бас қосты. Ертең Бейбітшілік және келісім сарайында хатшылықтың негізгі отырысы өтеді. Оған шетелдік діни жетекшілер мен халықаралық орталықтардың өкілдері қатысады. Пандемиядан кейінгі даму жағдайында шараның маңызы неде? Дінаралық диалог қандай тақырып төңірегінде өтпек, көтеретін проблемалары қандай?

Студия қонақтары:
1. Ершат Оңғар, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти
2. Талғат Жақиянов, Н. Назарбаев орталығы Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры
3. Жапал Долиев, ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің басқарма басшысы
4. Кеңшілік Тышқан, дінтанушы