13:00Эфирде: «Шайқалған шаңырақ» телехикаясы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Баланың бос уақытын қалай жоспарлау керек? «Бүгін»

Баланың бос уақытын қалай жоспарлау керек? «Бүгін»

Қай кезеңде болса да жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс. Әсіресе баланың бос уақытын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу әрбір ата-ананың міндеті. Бірақ көбіне ата-ана жұмысбастылықтан болар, бала тәрбиесіне жете көңіл бөлмей жатады. Балаға қажеттісін тауып бердім деген ойда жүретін ата-ана негізінен баланы материалдық жағымен қоса моральдық жағынан да өз қамқорлығына алуы тиіс.
Жалпы баланың бос уақытын қалай жоспарлау керек? Балаңыз сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалана ма? Оларға қалай көңіл бөлесіз?
«БҮГІНнің» алаңында осы мәселелерді тілге тиек етіп, мамандар кеңесін тыңдаймыз.
Студия қонақтары:
1. Алма Сайлауқызы, көпбалалы ана
2. Ләйла Қолдабаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Оқырманға қызмет көрсету және тіркеу» қызметінің жетекшісі
3. Мейрамбек Закиров, Елбасы академиясы birge OQY онлайн мектебі жобасының жетекшісі
4. Досан Қаумен, бизнес-тренер, коуч
5. Мейрамбек Махамбетов, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы
6. Анар Есен, психолог

Сондай-ақ...