Хабар телеарнасы

Қой терісін жамылған шибөрілер кім? «Бүгін»

Қасіретті қаңтар оқиғалары кезінде біраз кейіпкер халықтың назарына ілікті. Олардың арасынан ел ішінде «Дикий Арман» деген лақап атпен белгілі Арман Жұмагелдиевты бөле-жара атауға болады. Иә, соңғы күндері дәл осы «Дикий Арман» туралы әңгіме көп. Боксшыларға ақша таратты, шоу-бизнестегі әншілерді жинап алып, шетелде шалқып жүрді.
«Дикий Арман» деген кім? Ол қаңтар оқиғаларына дейін немен айналысты, қайда болды? Әлеуметтік тип ретінде Дикий Армандар несімен қауіпті?
Студия қонақтары:
1. Серік Ақылбай, Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы
2. Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры
3. Есберген Алауханов, заң ғылымдарының докторы, профессор
4. Нұриддин Дауылбаев, ҚР ІІМ Тергеу басқармасының бастығы
5. Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі