Хабар телеарнасы

2022 жыл – «Балалар жылы». «Бүгін»

Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажет екенін айта келе, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.
Балаға қандай жағдай жасап жүрміз? Рухани, физикалық тұрғыдан дамуына ата-аналар қаншалықты үлес қосуда? Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығын қамтамасыз етіп жүрміз бе?
«Бүгіннің» алаңында осы мәселелерді тілге тиек етіп, мамандар кеңесін тыңдаймыз.
Студия қонақтары:
1. Шәкәрім Сейсенбай, Білім Саласының Сарапшысы, №54 мектеп-лицей қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
2. Самал Қадірова, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің басқарма басшысы;
3. Бекболат Байжанов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істер комитетінің төраға орынбасары;
4. Ләззат Бодықова, «Астана дарыны» орталығының педагог-психологы.