Құпия дерек: Мәсімов не бүлдірді?! «Негізінде...»
Алматыдағы аласапыран кезінде Кәрім Мәсімов ұсталды. Оның үстінен «Билікті басып алу», «Мемлекетке опасыздық жасады» және «Қызметін асыра пайдаланды» деген ауыр-ауыр бап бойынша айып тағылды. Сол үшін маңызды құжатқа «аса құпия» деген мөр басылды.
Істің құпия жүргізіліп жатқаны белгілі. Себебі бұндай бүлікті жалғыз адам ұйымдастырмайды. Оның сыбайластарына секем алдырмас үшін сақтық керек.
Кәрім Мәсімов 17 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бірақ тергеу барысында өзгеріс болса таңғалмаңыз. Мәселен, Абзал Құспан Мәсімов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген пікірді алға тартады. Себебі жемқорлыққа да қатысы бар деген сыбыс бар. Әйтпесе мемлекеттік қызметкердің тек Нұр-Сұлтандағы үйінен 17 миллион 200 мың доллар, қымбат қолсағат, алтын, антиквариат, 11 қымбат көлік қайдан болсын?!