Атырауда ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері. «Patriot»
Атырау қаласында 2019 жылы 40-тан аса адам суға кеткен. Ал осы жылдың басынан бері Жайық өзенінде мұз ойылып, 8 адам зардап шекті, 3 бала қаза тапты.
Құтқарушы – қиын да абыройлы қызмет. Адам тағдырына жауапкершілікті жете сезінуі керек. Сол үшін де құтқарушының әр жұмыс күні қатерлі, әрбір қателігі өмірмен өлшенеді. Осы тұрғыдан ойлағанда оларды «Қазіргінің қаһарманы» деуге толық негіз бар.
Адам өміріне араша түскен азаматтар жайында «Patriot» бағдарламасынан көріңіздер.