Дала заңдары туралы не білеміз? «Тарих айнасы»
Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерін, қылмысты істерінің бәрін шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі болған. Олар Қазақстанның Ресей патшасына бағынғанына дейін (XIX ғасырдың II жартысы) билердің үкімімен шешіліп келген. Далалық заңдар туралы не білеміз? Түрмесі, тәртіп сақшысы жоқ дала өркениетінен бізге дейін қандай құқықтық нормалар жетті. Дала заңдарына қатысты осы және өзге де мәселелерді тарихшы мамандарымызбен талқылаймыз.