«Тарих. Тағдыр. Тұлға». Ағартушы, шежіреші, көрнекті ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
«Бес жаста «бісмілла» деп жаздым хатты, бұл тағдыр жастай маған тиді қатты» деген ұлы ойшыл, тарихшы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бала кезінен хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтып, сол себепті «Мәшһүр» деген атқа ие болады.
Ағартушы, шежіреші, көрнекті ақын, публицист Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі жайлы «Тарих. Тағдыр. Тұлға» бағдарламасында көре аласыздар.