«ХХІ ғасыр көшбасшысы». 8-шығарылым
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасы – еліміздің түкпір-түкпіріндегі озық ойлы жастардың басын қосып, білім бәйгесінде бағын сынаған үздік тележобалардың бірі. Сайыс ІV айналымнан тұрады.
І айналымда ойыншыларға тест түрінде нұсқасы бар ортақ 12 сұрақ қойылады. Әр сұраққа ойлануға 5 секунд беріледі.
ІІ айналымда ойыншыларға 15 сұрақтан тұратын алты ұяшық ұсынылады. Қатысушы ұяшық нөмірін таңдап, 1 минутта 15 сұраққа жауап беруі керек. Ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойынды осы жерден тоқтатады.
ІІІ айналымда ойыншылардың ой ұшқырлығы, шешендігі сынға түседі. Әр қатысушы бір тақырыпты таңдап, 2 минут ішінде эссе жазып шығуы керек. Оны сарапшылар 20-50 ұпай аралығында бағалайды. Тақырыпты бірінші болып екі айналымдағы ұпай саны аз ойыншы таңдайды.
Соңғы ІV айналымға өткен үш қатысушыға төрт тақырып ұсынылады. Әрбір тақырыпқа өзінің түсі белгіленеді: қызыл, жасыл, сары, көк. Әр түсте төрт сұрақтан жасырылған. Барлығы – 16 сұрақ. Ойыншы қарсыластың сұрағына жауап берсе, 30 ұпай жинайды.
Сайыс жеңімпазына Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты беріледі.