«Ел қуаты» деректі фильмі
Еркін елдің ертеңіне білім алып, ғылыммен айналысуына, кәсіп ашып, нәсібін еселеуіне қамқорлық жасады. Сол қамқорлықтың қайтарымы жаңа буын жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналды.
Бүгінде буыны бекіп, қабырғасы қатайып, Ұлы дала төсіндегі экономикасы қуатты, әлеуеті тұрақты, әлем мойындаған елге айналдық. Табыс пен тұрмыс түзеліп, ұлт пен ұлыс бір мүддеге жұмылып, жаңғыру жолын таңдады.
Мұраты бірдің – қуаты бір!
«Журналистік зерттеу» деректі фильмдер циклінен «Ел қуаты» атты кезекті шығарылымын «Хабар» арнасынан өткізіп алмаңыздар!