«Бейбіт бастама» деректі фильмі
Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім Қазақстан әлі бұрынғы КСРО-ның құрамынан шықпаған кезде қабылданды. Мәскеудің құдіретті қарсылығына қаймықпай, қарсы тұрған қазақ басшысы адамзатты ажал апанына итермелейтін жойқын қарудан ел қауіпсіздігі, әлем қауіпсіздігі үшін бас тартты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы – «Соғыссыз әлем» идеясын қолдаған және оны ойдағыдай жүзеге асырған саясаткер.
Адамзаттың тағдырын шешкен ұлы бастама туралы «Бейбіт бастама» деректі фильмінен көріңіздер!