«Үркер» ұлттық сыйлығын иеленуге үміттілердің қатары қалың
«Үркер» ұлттық сыйлығын иеленуге екі аптаның ішінде 200-ден астам өтініш келіп түсті. Биыл бұл байқау «Қазақ» газетінің 105 жылдығына орайластырылған. Өйткені қазақстандық журналистиканың бастауы осы мерзімдік баспадан алады.
Жалпы «Үркер» сыйлығында жеңімпаздар 14 номинация бойынша анықталады. Олардың арасында «Үздік вайн» және «Астананың 20 жылдығы» сынды жаңа аталымдар да бар. Бәйгеде оза шапқандар 1 млн теңге мен естелік сыйлық иеленеді. Айта кету керек, өтініштер әлі де болса қабылдану үстінде.
Данияр Жалаев, ұйымдастырушы:
-Қазір қатысушылар белсенділік танытып, өтініштерін беріп жатыр. Олардың арасында үздік сараптамалық материал мен үздік сұхбат номинациялары көш басында тұр. Тәжірибе көрсеткендей, соңғы аптада қатысушылардың саны едәуір артады. Байқау жеңімпаздарының есімдері Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнінде белгілі болады.