«Ұлы дала еліне саяхат» жобасының төртінші кезеңі басталды
Туристік мақсаттағы экспедиция бұл жолы «Сарыарқа» бағытымен жүреді. Құрамында саяхатшылар, журналистер мен шетелдік және қазақстандық блогерлер бар. 30 шақты адамнан құралған топ 16 күнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын араламақ.
Бүгінгі бағыт – Ерейментау мен Қарағанды облысының «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Саяхаттың қорытындысы бойынша «Kazakh TV» арнасында арнайы бағдарлама көрсетіледі. «Хабар» Агенттігі экспедицияның ресми медиа-серіктесі.
Нұржан Алғашев, экспедицияның жетекшісі:
- Экспедиция 20 тамыздан 4 қыркүйекке дейін жалғасады. Біз 16 күн ішінде 4,5 мың шақырымды жүріп, тарихи-мәдени мұрасы бар нысандарды көреміз. Ол бойынша фото, видео материалдар жасаймыз. Туристік әлеуетімізді көтеру үшін оның бәрін жазып, «Қазақ туризм» ұйымына ұсынамыз.