Хабар телеарнасы

Ғазиза Әбдінабиева: «Детектив әже» рөлі – маған берілген сый

Ғазиза Әбдінабиева – шығармашылығы шабытты, еңбекте табысты бола білген жандардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театрдың тарланы, керемет актриса. Бұл есім өнерсүйер қауым мен теледидар көрермені үшін «Перекресток» телехикаясынан Роза апай болып танылған.

Бүгінде Ғазиза Әбдінабиева «Хабар» арнасының эфирінен көрерменге жол тартқан «Детектив әже» рөлін сомдап, тағы бір жаңа қырынан танылды.

Осы орайда дарынды өнер иесінен алынған келелі сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз!