«Хабар» телеарнасы Фируза Шарипованың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
Бокссүйер қауым үшін жағымды жаңалық! Қазақстандық кәсіпқой боксшы, екі салмақ категориясы бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипова Финляндияның былғары қолғап шебері, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстреммен жұдырықтасады.
«Хабар» арнасы 22 желтоқсан күні 23:00-де Санкт-Петербург қаласында өтетін бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жекті ұйымдастыруға жарты миллион доллар көлемінде қаржы жұмсалған. Фируза қарсыласын жіті зерттеп, жекпе-жекке қызу дайындалуда. Оның арманы – абсолютті әлем чемпионы атану.
Фируза Шарипова, IBO Championship белбеуінің иегері:
- Қарсыласымды жан-жақты зерттедім. Ол – өз ісінің кәсіби маманы. Бұл мен үшін қиын жекпе-жек болуы мүмкін. Дегенмен есе жібермес үшін қызу дайындалу үстіндемін және жеңіс менікі болады деген сенімдемін.