Хабар телеарнасы

24 наурыз «Хабар» телеарнасында кәсіпқой бокс кеші өтеді

Тартысты кездесудің басты жекпе-жегінде жеңіліс көрмеген отандастарымыз Айдос Ербосынұлы, Садриддин Ахмедов пен Нұрсұлтан Жаңабаев сынды шаршы алаңның шеберлері жұдырақтасады.

Жалпы кеште қазақстандықтармен қатар Ресей, Африка, Венесуэла, Индонезия, Өзбекстан, Грузия және өзге мемлекеттердің спортшылары қолғап түйістіреді.

Алматы Arena стадионында өтетін бокс кеші 22:00-де арнамыздың тікелей эфирінде көрсетіледі.