Елордада мәдениет саласының үздіктері бас қосты
Интерактивті жұмыс, кітапханаға оқырмандарды тарту, мәдени кешендердің көрерменін арттырудың тың тәсілін тапқан үздік мамандар елордада бас қосты. Олар «Рухани қазына-2023» фестиваліне қатысып, жетістіктерімен бөлісті. Мемлекеттік мұражай, кітапханалар және мәдени-демалыс ұйымдарының 200 жуық мәдениет қызметкерлері өз тәжірибелері мен жаңашылдықтарын ортаға салды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік биыл кітапхана қызметшілері мен архив ісі мамандарының жалақысы 20% өсті. 2027 жылға дейін оны екі есе арттыру жоспарланған. Президент тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін мәдениет және мұрағат ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен өседі. Сонымен қатар сала мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту да басты назарда.
Жеңіс Сейдолла, қазылар алқасының мүшесі:
- Жыл сайын белгілі бір дәрежеде өз биіктерін алып келуде. Бұл жобаны біз қолдау деп білеміз. Нақтырақ шалғай жатқан ауыл, аудандардағы мәдениет сарайларының жұмыстарымен жетістіктерін тамашалап, бір қуанып қалдық.