Баспахана өкілдері отандық кітап үшін субсидия бөлуді сұрайды
Әр сатылған отандық кітап үшін субсидия бөлу. «Баспахана өкілдері саланы дамыту үшін осындай қолдау қажет»,- дейді. Оны заң жүзінде бекітуді де өтінді. Қазір бір кітапты шығарудың өзіндік құны орташа есеппен 3 мың теңге.
Өндірушілер үстінен небәрі 400 теңге қосады. «Одан қымбатты оқырманның қалтасы көтермейді» ,- дейді мамандар. Еліміздегі 30 баспананың бәрі осындай аз табыспен күн көруде. Мектептегі кітапхана қорын жаңарту да сөз болды. Қазіргі талап бойынша жаңадан алынатын өнімдер тізімі тек оқулықтармен шектелген. Білім мекемелерінің артық ақшасы болса да көркем әдебиеттерді сатып алуына рұқсат етілмейді.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Үш мемлекет оқу сауаттылығы жағынан бірінші орында. Бұл Сингапур, Қытай Макао және Гонконг. Бұл елдің балалары кітапті түйсініп, түсініп, сол жердегі ақпараттармен, мәліметтермен жұмыс жасаудың көрсеткіштері жоғары деген сөз. Біз балаларымызды бәсекеге қабілетті болады десек. Онда кітап оқуға қызығушылығын арттырумыз керек.