Хабар телеарнасы
Медиа саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр

Медиа саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай дейді.

Айтуынша, журналистер мен Мәжіліс депутаттарының пікірін ескере келе, «Баспасөз картасы» ұғымы қайта қаралмақ. Жұмыс өтілі, жоғары білімі керек деген деген критерийлер де алынып тасталды. Қазір заң жобасы қызу талқыда. Бас-аяғы 114 өзгеріс енгізілді. Оның – 64 қабылданып, 10 түзету пысықталуда.


Аида Балаева , ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: 
- Осы ұсыныстар қазіргі уақытта Үкіметтің қорытындысында және барлық мүдделі мемлекеттік органдар келісілгеннен кейін Мәжіліске жіберілетін болады. Қорытындылай келе екінші тыңдауға дейін барлық түзетулер бойынша шешім қабылданады.