Шымкентте Бадам өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды
Шымкентте Бадам өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Экобелсенділер қураған ағаш бұталарын қырқып, сарғайған шөпті орды. Орындықтар мен қоршауларын сырлады. Жалпы «Таза Қазақстан» науқаны басталғалы қаладан 20 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған.
Ердәулет Жүнісбек, «AMANAT» партиясы Әл-фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
-Қаламызда 5 аудан болғандықтан рет-ретімен кезегімен өтеді. Бүгін Әл-Фараби ауданының кезегі. Сол себепті ең қоқыс көптеу деген аймақты таңдап отырмыз. Осы акцияның нәтижесінде тұрғындарға да ой саламыз деген үміттеміз. Олар да келесі акцияларда бізбен бірге шығады деген ойдамыз.