Атыраудағы қоғамдық кітапхана қоры 40 мыңнан асты
600-дей тұрақты оқырманы бар.
«Былина» этномәдени бірлестігі жанынан ашылған халықтық кітапхана қала халқының бас қосатын қоғамдық орнына айналған. Бірлестік төрағасы Андрей Кораблев 2018 жылы үйде текке жатқан көне кітаптарды жинай бастаған еді. Кітапханада түрлі ақын-жазушылардың сирек кездесетін туындыларын мен көне Гурьев қаласының тарихынан сыр шертетін фотосуреттерді кездестіруге болады.
Қанипа Өтекова, кітапханашы:
- Сонымен қатар жазушыларымыздың да бізге өздері әкеліп ұсынған кітаптар бар, Тоқаевтың қолтаңбасымен, Назарбаевтың қолтаңбасымен жазылған кітаптар біздің кітап қорымызда сақталған. Көп әдебиеттеріміз рухани қазыналық құндылықтары мен мазмұнын жоймағандықтан сұранысқа ие болып тұр. Классикалық жанрдағы, детектив жанрындағы кітаптар қазіргі кезде біздерде сұранысқа ие.