+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz
Сейсенбі, 21 Маусым 2016 18:20

Арнамыздан көретіндеріңіз

Елорда күні құтты болсын!

Ерке Есілдің жағасында бой көтерген бас қаламыздың еңсесі биік болғай! Сәулеті мен дәулеті жарасқан, ұлттың ұлы тұғырына айналған бағаналы бақ ордамыздың мәртебесі арта берсін!

Жасай бер, жайнай бер, Нұр-Сұлтан!

«Хабар» арнасының мерекелік бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз.

«Путь лидера. Огненная река»|«Елбасы жолы. Отты өзен» фильмі: 4 шілде, 16:00

Бұл фильм – «Елбасы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімі.

Телетуындыда Елбасының өмір жолындағы жеңістері, бағындырған белестері, арман мен үмітке толы жан дүниесі көрініс тапқан.

 

 

«Путь лидера. Железная гора»|«Елбасы жолы. Теміртау» фильмі: 5 шілде, 16:00

«Путь лидера. Железная гора»|«Елбасы жолы. Теміртау» кинокартинасы – «Елбасы жолы» киноэпопеясының бір бөлігі.

Фильмнің сюжеті бойынша басты рөлдегі бозбала Сұлтан туған ауылынан республикалық құрылыс жүріп жатқан Теміртау қаласына аттанады, ал сол жақтан Украинаның Днепродзержинск қаласына оқуға кетеді. Онда ол жаңа достар тауып, мықты ұстаздар мен тәлімгерлерден өмірлік сабақ алады.

Елбасының ерік-жігер мен еңбекке толы өмір тарихын «Хабар» арнасынан көріңіздер.

 

«Айка» фильмі: 5 шілде, 18:00

«Айка» – 2018 жылғы қойылған драма жанрындағы фильм, режиссері – Сергей Дворцевой. Фильмде басты рөлдегі Самал Еслямова 71-ші Канн халықаралық кинофестивалінде үздік актриса марапатына ие болды.

Фильм Мәскеуде заңсыз жұмыс істейтін жас қырғыз қызы Айка туралы. Ол баласын дүниеге әкелген соң, жаңа туған туған нәрестені перзентханада қалдырып, өзі қашып кетеді. Тігін бизнесін құруға алған қарызын өтеу үшін жұмыс іздейді. Жұмысты іздеуде де бірнеше әрекеті сәтсіз болады. Жұмыс іздеуден басқа, жерлестерімен заңсыз хостелдегі қиын өмірі, тексеру мен депортация алдында үнемі қорқынышпен өмір сүру жағдайлары көрсетілген. Сондай-ақ оны қыспаққа алып жатқан несие берушілер де бар. Айка бұл қиындықтан қалай құтылмақ?

Шынайы өмірлік оқиғаларға негізделген кинотуындыны «Хабар» арнасынан көруге шақырамыз.

 

«МузАрт» тобына 20 жыл» концерті: 5 шілде, 22:15

Сан жыл бойы сахна төрінен түспеген, елдің ыстық ықыласына бөленген «МузАрт» тобына биыл 20 жыл.

Қоңыр үнді Мейрамбек Бесбаев, сазы сырға толы Сәкен Майғазиев, күміс көмей әнші Кенжебек Жанәбілов.

Үздік үштіктің мерейтойлық концертін мерекелік тарту ретінде қабыл алыңыздар.

 

«Путь Лидера. Астана»|«Елбасы жолы. Астана» фильмі: 6 шілде, 16:00

«Елбасы жолы. Астана» фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады. Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетіледі.

 

QAZAQ: HISTORY OF THE GOLDEN MAN: 6 шілде, 21:30

Алтын адам – Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба. Есік қаласында табылған сақ жауынгері еліміздің басты символына айналды. Алтын адам жайлы қызықты деректер мен сақ жауынгерінің сауыт-сайманы, әлемге танымал археологиялық олжаның тарихынан сыр шертетін деректі фильмді көруге кеңес береміз.

 

Ән әлемі. Елорда күні: 6 шілде, 23:30

Жүректі тербер әсем әуен мен сұлу сазға сусап жүрсеңіз, «Хабар» арнасын қосып, «Ән әлемінен» ләззат алыңыз!

Подписаться на этот канал RSS