Лауазым сипаттамасы |
|
Құрылымдық бөлімше |
«24 KZ» арнасының жаңалықтар бөлімі |
Локация |
Астана қ. |
Жұмыс тәртібі |
5/2 |
Жұмыс сипаты |
5/2 |
Еңбек ақы |
Әңгімелесу кезінде |
Негізгі лауазымдық міндеттері |
- Жаңалықтар шығарылымын дайындау және эфирге шығару процестерінің бекітілген схемасына және жаңалықтар шығаруға арналған сюжет/зкт/графика құру процесінің схемасына қатаң сәйкестікте сюжетті/сюжеттің бір бөлігін шығару жұмысын уақтылы және сапалы жүргізу; - күннің ақпараттық бейнесін қадағалау, барлық өзекті оқиғалардан хабардар болу, ақпаратты жинау және өңдеу; - сюжеттерді эфирге уақтылы және сапалы дайындау, оларды түсіру, монтаждау, мәтінді жазу және аудару; - редакциялық тапсырмаға сәйкес сюжетті немесе сюжеттердің қажетті бөліктерін (өзінің/әріптестерінің) түсіруге шығу; - оператормен өзара іс-қимыл жасау, журналист-оператор байламының тиімді жұмысын қамтамасыз ету, операторға түсірілетін материалдың тақырыбы, түсірілім орны, түсірілім форматы, материал орындалатын шығармашылық шешім, сондай-ақ стендап түсірудің нұсқалары және оның мазмұны туралы хабарлау; - оқиға орнына келгеннен кейін ақпарат жинауға кірісу, түсірілім тобының, телеоператордың, жарық қоюшының жұмысын ұйымдастыру; - қол жетімді байланыс құралдарының көмегімен жоспарланған түсірілім шарттарының (уақытының, орнының, мән-жайларының) өзгеруі туралы басшылыққа хабарлау; - түсірілім аяқталғаннан кейін СИАП жаңалықтар бөлімінің бас редакторына түсірілім нәтижелері туралы хабарлау, шығарушы редактор мен жүргізушіге түсірілім мазмұны мен болған оқиға туралы хабарлау; - түсірілімнің нәтижелері мен мазмұны туралы басшылықты хабардар еткеннен кейін сюжет мәтінін дайындауға кірісу, редакцияға келгеннен кейін жалпы материалмен жұмыс істеуді бастау; - оған сеніп тапсырылған репортажға (немесе репортаждың сеніп тапсырылған бөліктеріне), оны өндіру мерзімдеріне, материалдың форматына, оның сапасы мен шынайлығына жауап беру; - алынған тапсырмалардың сапалы орындалуына және шығарушы редактор пысықтап, эфирге шығаруға мақұлдау/қабылдамау үшін қарауға және өңдеуге мәтіндерді, бейнелерді, титрлерді, графикалық элементтерді (карталар, слайдтар, фотосуреттер және т.б.), эпизодтарды (блоктарды) уақытылы ұсынуға жауап беру; - басшылықтан алынған тапсырмаларға байланысты – жаңалықтар сюжеттері мен хабарламаларының әртүрлі элементтерін дайындау: құжаттама, кірістірулер, субтитрлер, сызып алғандар және т.б. - монтаждау процесіне және бейне/фото/мұрағат және кез келген басқа материалды таңдауға қатысу; - DaletPlus жаңалықтар шығарылымын автоматтандыру жүйесінде жұмыс жүргізу және материалды рәсімдеу. |
Үміткерлерге қойылатын талаптар |
|
Білімге қойылатын біліктілік талаптары |
«Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Білім» мамандықтар тобы бойынша жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесінің болғаны жөн. |
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары |
БАҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім болған жағдайда жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды. |
Не ұсына аламыз: |
- тұрақты еңбекақы; - кәсіби өсу; - компания есебінен оқыту; - мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар (жылына 4-5 рет); - әлеуметтік қолдау (бір жыл жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына берілетін емдік жәрдемақы); - корпоративтік іс-шаралар. |
Пікір айту қағидалары. Құрметті үміткер |
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (хат тақырыбында өтініш берген бос орынды көрсету). Сұрақтар туындаған жағдайда, «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның HR-бөліміне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электрондық мекенжайға жаза отырып хабарласа аласыз. HR қызметінің телефоны: +7 (7172) 757 495. Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. |