Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Астанадағы шағын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Елордадағы тігін фабрикаларының біріне барып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл фабрикада 4 шеберхана жұмыс істейді. Олар – трикотаж, шұлық, шеврон және әскери салаға қажетті заттар цехы. Айта кеткен жөн, Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев бұдан өзге еліміздің оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде болды.
Жигули Дайрабаев, ҚР президенттігіне кандидат:
- Тігін цехінде 80-ге жуық тігінші екі кезеңмен жұмыс істейді. Бұл кісілердің бәрімен сөйлестім. Айлықтарын білдім, қанағаттандырады. Көбі – ауылдан шыққан кісілер. Әр өңірден келген. Ауылда жағдай болса, тұрмыстық мәселе шешіліп, инфрақұрылым болса, әрине, ауылға баруға болады. Астанаға күн көру үшін келдік.