Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 5-7 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде және Астана қаласында найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.
Республиканың батысында фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр найзағаймен болады, аумақтың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.