Республиканың бірқатар өңірінде өткінші жаңбыр жауады
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, батысында шаңды дауылмен соғады. Солтүстікте кей жерлерде тұман болады. Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күндіз кей жерлерде жел күшейіп, найзағай байқалады. Батыс Қазақстан облысының бірқатар жерінде найзағай күтіліп, мүмкін бұршақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтілуде. Қарағанды облысында күндіз найзағай байқалады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы күтілуде. Ақтөбе облысында кей жерлерінде өте қатты ыстық күтілуде.
Батыс Қазақстанда, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.