Сюжеттер

Оңтүстік өңірлер астық ору науқанын аяқтауға жақын қалды

Оңтүстік өңірлер астық ору науқанын аяқтауға жақын қалды

7 тамыздағы жағдай бойынша 1,4 млн тонна өнім жиналыпты.

Өнімділік гектарына 20,3 центнер екен. Өңірлер бойынша айтатын болсақ, Алматы облысының диқандары бүгінге дейін 285,5 мың тонна астық жинап үлгеріпті. Ол жалпы алқаптың 31,5% құрайды. Жамбыл мен Түркістан облысы көшбасшылар қатарында келеді. Бірі 85%, екіншісі науқанды 89% аяқтаған. Қызылордада 15 мың, Шығыста Қазақстанда 33, ал Бастыс Қазақстан облысында 72 мың тонна астық жиналған.

Айта кетейік, еліміздің негізгі астықты өңірлері Ақмола, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында орақ науқаны әзірге басталған жоқ.

Алдаберген Қияс, ғылыми-өндірістік орталықтың зертхана меңгерушісі:

- Солтүстік өңірлерде астық жинау науқаны тамыз айының 20-25 басталады. Жалпы біз 15-20 центнер аралығында өнім күтіп отырмыз. Жаз айының бірінші кезеңі дәнді-дақылдар үшін қолайлы болды. Екінші жартысында қуаңшылық байқалды. Соған қарамастан біз орта деңгейдегі өнімді күтіп отырмыз.