СҚО-ға Орталық Азияның ыстығы келді
Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері сынап бағанасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының күрт ысуына байланысты Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Олар үшін аса қауіпті кезең басталды.
Петропавлда жаздың алғашқы күндері болса да жұрт жаппай шомылып күнге күйіп жатыр. Алакөл көлінің жағасында ине шаншар жер жоқ. Ыстықтан ығыры шыққан адамдар жан рахатын іздеп осында келеді.
Аяжан Байбол, қала тұрғыны:
- Ауа райы өте ыстық. Мен өзімнің құрбыларыммен Пестроеға келдім. Бірінші рет келіп тұрмын. Су өте күшті. Өте күшті шомылып, демалып жатырмыз.
Есесіне құтқарушыларда демалыс жоқ. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жағажайларда күні – түні кезекшілік етеді. Бірақ олардың мүмкіндігі бәріне бірдей жетпейді. Өңірде шомылуға рұқсат етілген 58 орын белгіленген. Қалғандарында қауіпті.
Ризабек Темірбеков, ТЖД басқармасының офицері:
- 2022 жылы 5 адам суға батып кетті. Оның біреуі бала болып табылады. Қазіргі уақытта осыған байланысты күшейтілген рейдік іс–шаралар жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 200 аса рейдік іс–шара жүргізілді. Онда 5 мыңнан аса үгіт-насихат құралдары таратылды.
Биылғы жаз СҚО-ны «еркелетіп» жатыр. Қазір Петропавлдың өзінде 40 градустық ыстықтар басталды. Соңғы рет дәл осындай құбылыс 1940 жылдың шілдесінде тіркелген.
Наталия Левина, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директорының орынбасары:
- СҚО-да 40 градустық ыстық апатты табиғи құбылыс болып саналады. Біз үшін өте сирек кездесетін жағдай. Ал 7 маусымнан бастап жел, жаңбыр болады. Тіпті бұршақ жаууы мүмкін.
Төтенше жағдайлар қызметі судағы қауіпсіздікпен қатар дала өртіне де алаңдаулы. Биыл облыс бойынша 60 гектарға жуық жер жанып кеткен. Ал Петропавлда мамырдың басында қамыстар тұтанып, 11 үй отқа оранды. Оның үстіне қазір қалада терек ұлпасы бүр жарып, мамығы ұшып жатыр.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Ең ыстық күндер алдағы демалысқа түсейін деп тұр. Синоптиктердің болжамы бойынша сенбі, жексенбі СҚО бойынша сынап бағанасы 42 градусқа дейін көтеріледі.
Қазір Қазақстан бойынша аптап ыстықтар басталады. Алдағы күндері еліміздің солтүстігімен қатар орталығында + 41, ал шығысында + 39 градусты көрсетеді.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков