Сүт безі обырына қарсы «Әйел өмірі үшін» науқаны басталды

  • 3
  • 02.10.2026, 18:44

Елімізде сүт безі обырының алдын алуға бағытталған республикалық науқан басталды. «Әйел өмірі үшін» деп аталатын айлық шара нәзік жандарды ақпараттандыруға бағытталған. 

«Әділет» партиясы ұйымдастырған брифингте мамандар қатерлі дертті ерте анықтау мен алдын алуға қатысты нақты кеңес берді. Қазақстанда 40-76 жас аралығындағы әйелдер үшін тегін скрининг қарастырылған.  Сонымен қатар осы ай бойы ел аумағындағы емханаларда ашық есік күндері өтіп, онколог дәрігерлердің кеңесіне жүгінуге болады. Ұйымдастырушылар шалғай елді мекен тұрғындарын ақпараттандыру ісіне ерекше мән беріп отыр.

Шолпан Каринова, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Ақпаратты жеткізу үшін және қоғамның назарын осы мәселеге аудару үшін еліміздің барлық өңірлерінде 121 қоғамдық ғимарат кешкі 7-8 аралығында қызғылт түске боялады. Сонымен қатар бильбордтар, 250 қоғамдық көлікте сүт безі обыры туралы ақпараттар жарияланады. Осылайша біз дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы акцияға қосылдық.