Хабар телеарнасы

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы Үкіметтің 5 жылдық жоспарына енгізіледі

Елбасы Үкімет және Мәжілістегі Nur Otan фракциясы өкілдері бастаған жетекші саяси ұйымның мүшелерімен кеңесте осылай деді. Партия төрағасы Мәжілістегі партия фракциясының жұмысына жеке тоқталып, депутаттарды белсендірек болуға шақырды.

Жиында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен партия бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Елбасы әлеуметтік мәселелерді шешу жүйелі жалғасуы керектігін айтып, сайлауалды бағдарламада көтерілген мақсат-міндеттерді Үкіметтің 5 жылдық жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды.

Ұлт жоспары да, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы да – ең әуелі уәде. Сол уәделерді негізге алып бірқатар құжат әзірленді. Мәселен «100 нақты қадамның» бір өзі сан саланы қамтиды. Бес бағыт бойынша іргелі істер атқарылды, соның арқасында ілгері бастық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- Басқарушы партияның рөлі барлық мемлекетте өте жоғары екені бәрімізге анық. Соңғы Мәжілістің сайлауында естеріңізде болса, Nur Otan сайлаушылардың 82% даусын алды. Мұндай бұрын-соңды болмаған, сенімге ие болады. Қазіргі таңда қоғам мен элитаны партияның атынан сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына топтастыру міндеті тұр.

2017 жылы саяси жүйе жаңғырды. Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінді. Осылайша парламенттік партияның атқарушы билікке ықпалы күшейді. Ұлт жоспары, содан соң 2021 жылға дейінгі партияның сайлауалды бағдарламасы қалай орындалып жатыр? Үкімет фракциямен бірігіп талдау жүргізді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Отандық мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау толық аяқталды. Полипропилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды. 2016 жылдан бері өнеркәсіп көлемі 15,7%, өңдеу секторы 16,3% өсті. 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың қарқыны 4,3% көрсетті.

Соңғы 3,5 жылдың ішіндегі жетістікке көз жүгірсек, 430 мың жұмыс орны ашылған. 2,7 мың шақырым жол салынған. 170 мектеп, 19 балабақша бой көтерді. Шағын бизнесті несиелендіру 6 есеге өскен. Doing Business рейтингісіндегі орнымыз 28-ші болса, биыл жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 55-орынға тұрақтадық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- Согласно моим поручениям, Правительство и фракция проанализировали исполнение предвыборной программы партии до 2021 года и плана «100 конкретных шагов». Мы достигли немало положительных результатов.

Ұлт жоспарының жартысы жүзеге асты. Қалған бөлігі орындалып жатыр. Елбасы мұны бақылауға алуды тапсырды. Себебі «100 нақты қадам» дегеніміз – салмақты құжат. Мықты мамандардың сараптамасынан өтіп, әбден ойластырылып әзірленген Ұлт жоспарының әрбір қадамы маңызды. Елдің дамуы үшін маңызды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- В целом, предвыборные обязательства партии выполняются. Но не в полном объеме. Надо стремиться выполнить все наши обязательств.

Әңгімеге тұздық болсын. Мәселен, 3,5 жылдың ішінде еттің импорты небәрі 4% төмендеген. Алдағы 1,5 жылдың ішінде бұған дейін жоспарлаған межеге жетеміз бе, жетпейміз бе, оны уақыт көрсетеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- Я постоянно говорю, что с продовольствием мы должны себя обеспечивать себя максимально, не завозить продукты. Мы – сельскохозяйственная страна. Безопасность заключается в нескольких вещах. Безопасность – это вопросы обороны, это энергетическое обеспечение и продовольственная безопасность.

Жоғары оқу орындарын трансформациялау, осылайша халықаралық талаптарға сәйкес оңтайландыру «100 нақты қадамда» қарастырылған. Қарастырылғанмен, оқу орындары қысқарған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- Уменьшения не произошло. Вопрос не в количестве, а в том, кого выпускают. Кому нужны эти специалисты?  Мы наплодили столько юристов и экономистов, которые сейчас ходят, не могут работу найти.

Алда Мәжіліс сайлауы. Елбасы партияның жаңа сайлауалды бағдарламасын әзірлеуге қазірден кірісуді тапсырды. «Біздің мақсат – ұзақмерзімді көшбасшылықты сақтау», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- Түрлі әлеуметтік топтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тәсілдерді қолданған қажет. Яғни олардың қорғау мәселелерін жеке-жеке шешу, адамдардың нақты сұраныстарын өтеу немесе тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Партияның жаңа сайлауалды бағдарламасын әзірлеу кезінде бұрынғы тәжірибені ескеру керек. Бұдан бөлек, бұған дейін бекітілген жоспарларға өзгерістердің енуі – өмір болған соң, қалыпты жағдай. Мәжіліс төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулин атқарылған, атқарылатын жұмыстар жайлы баяндап берді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Партияның сайлауалды міндеттемелерін орындауға бағытталған 72 заңды парламент мақұлдады. Демек, тұғырнаманы жүзеге асыруға қажет заңнамалық база қалыптасты. Сайлауалды бағдарлама 112 міндетті қамтиды, олардың 31-і орындалды. Қалған 75-сі іске асу барысында. Ал 6 тармақ фракция мен Үкіметтің жіті бақылауына алынды.

Партияның сайлауалды бағдарламасы мемлекеттік жоспарлау жүйесімен қабыспайды. Фракция қызметіне қатысты әңгімеде Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселеге жеке тоқталды.

Елбасы мән берген тағы мәселе – аумақтарды дамыту бағдарламасы. Бұл бағдарламалар келесі жылы аяқталады. «Қазір бұлар тиісті деңгейде іске асып жатқан жоқ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- Әкімдер әзірлейді, министрліктер келісім береді. Ауылдағы мәслихаттар оны бекітеді. Бірақ тиісті бақылау жоқ. Кейбіреулері тіпті орындалмай, шаң-шаң болып қалады.

Аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламасында мәслихат сайлауында партияның сайлауалды бағдарламасының негізіне айналуы тиіс. Жергілікті жердің нақты проблемалары қамтылған құжаттарды наурызға дейін дайындауды тапсырды Елбасы. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев партия қызметін жандандыру, фракция жұмысын күшейту мәселелеріне жеке тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- Рейтинг Nur Otan складывается, исходя из работы депутатов всех уровней. В этой связи надо обратить внимание на следующий вопрос. Первое, рабочие поездки депутатов фракции. Мы постоянно наблюдаем. Поездки очень важны для встречи, беседы, разъяснения. Но иногда они имеют формальный характер. Все сводится к посещению объектов. Причем водят по парадным, хорошим объектам.

Фракция депутаттарының ақпарат айдынындағы белсенділігі төмен. Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет. Бұл да Елбасы атап өткен бір мәселе.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- Цитируемость остается низкой. Только 21% депутатов освещает свою работу в соцсетях. При этом активность депутатов маслихатов в новых медиа в 2 раза выше, чем депутатов Мажилиса.

«Үнсіздік билікке деген, тұтас саяси басшылыққа деген сенімді төмендетеді», – деді Елбасы. Себебі қоғамды алаңдатқан мәселелер төңірегінде фракция депутаттары төбе көрсете бермейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- За последние несколько месяцев члены фракции Nur Otan не выразили свои позиции практически ни по одному резонансному случаю, которые есть в Казахстане.

Жалпы депутаттарға, мемлекеттік мекемелерге қаратып айтылған әрбір сын Nur Otan партиясына айтылған сын деп қабылданады. Мұндай жағдайда қайтпек керек? «Таяуда нақты регламент бекітіледі», – деді Елбасы. Бұл құжат партияның саяси кеңесі бюросында бекітіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- К примеру, по земельным вопросам оперативно должны разъяснять Министр сельского хозяйства, по строительству заводов, в том числе и с китайским участием Министр индустрии и инфраструктурного развития. По реальным проблемам руководители филиалов, акимы областей и городов. Они должны разъяснять.

Заңға бастамашы болу – депуттардың конституциялық құқы. Алайда соңғы үш жылдың ішінде мәжілістегілер тек 16 заң жобасына мұрындық болған. Осы уақыт аралығында Үкімет 120 құжат әзірлеген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы:

- Как правило, фракция вносит только поправки. Правительство готовит к сожалению, не всегда проработанные законопроекты, отсюда и недовольство при реализации этих законов.

Сайлауалды уәделерді орындау. Қарапайым азаматтардың мәселесін шешу. Партия Төрағасы осы бағытта белсенді жұмыс істеу керектігін айтты.

Авторлары: Дархан Әбдуахит, Хасен Омарқұлов