Хабар телеарнасы

Қазақстанда 210 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан

Мамандардың айтуынша, жыл сайын олардың саны көбеюде. Онкологиямен күресті күшейтіп, мамандарға жағдай жасалу керек. Былтыр Президенттің сайлауалды бағдарламасында осы және өзге де мәселелер айтылған. Мысалы, бір ғана Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда тұрған 17 мектеп бар. Ал Алматы облысында үш ауысымды мектеп саны - 45. Олардың санын азайтуға қандай жұмыстар атқарылуда?

Елімізде жыл сайын 37 мыңнан астам адамдан қатерлі ісік диагнозы расталса, 13 мың науқас қайтыс болады екен. Сондықтан былтыр Президенттің сайлауалды бағдарламасында да осы мәселеге айрықша мән берілді. Онкологиялық ауруларға қарсы күрес бойынша 5 жылға арналған кешенді жоспар да бекітілді. Онда қауіптердің алдын алу, ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, оңалту мен кадрлық әлеуетті арттыру сияқты шаралар көзделген.

Мұхтар Төлеутаев, Астана қаласының бас онкологы:
- Тиімді диагностика деген екінші бағыт бар ғой, бағдарлама аясында. Бүгінгі күні жылжымалы медициналық комплекстар онколгиялық орталыққа беріліп жатыр. 2 ай бұрын онкология орталығына бірнеше үлкен автокөліктің базасында жасалған диагностикалық орталықтар жіберілді. Батыс Қазақстанның бір-екі орталықтарына да беріліп жатыр. Осы бағдарлама аясында бүкіл Қазақстандағы 20 онкологиялық орталыққа сәулелі терапия жасайтын, заман талабына сай аппараттар беріледі.

Медицина мамандарын марапаттау, олардың мәртебесін арттыру бойынша да жұмыс қарқынды. Енді жыл сайын 17 саланың үздік мамандары марапатталып, кәсіби құқықтарына байланысты заңмен толықтырулар енгізіледі.

Серікбосын Темірханов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры: 
- Медициналық қызметкерлердің мәртебесін арттыру мақсатында Қазақстан республикасының Парламент Мәжілісінде тиісті заң қаралуда. Ол заң жобасымен Қазақстан Республикасының барлық медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру көзделген. Олармен жасалатын қызмыстық жауапкершіліті ізгілендіру қарастырылған. Олардың мәртебесін арттыру мақсатында тиісті басқа да шараларға түзетулер көзделген.

Денсаулық сақтау саласынан бөлек, өңілердегі білім саласы да өзекті. Әсіресе Батыс пен оңтүстікте апатты мектеп пен 3 ауысымда оқыту мәселесін шешуге басымдық берілген. Себебі бұл да Президент тапсырмасының бірі. Биыл 217 мектептің құрылысы басталып, келесі жылы қолданысқа беріледі. Ал 2024 жылы 152 мектеп бой көтермек. Одан бөлек елімізде 1 мың заманауи кабинет ашылады. Химия, физика, биология кабинеттері 200 асып, роботатехника мен STEM-200 жуықтайды.

 

Жайық Мақсұтов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі инвестициялық жобалар басқармасының басшысы: 
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру инфрақұрылым қоры құрылды. Биылғы жылы қор есебінен жаңа 75 мың оқушыға арналған 72 мектеп қаржыландырыды. Бұл мектептер қазір әкімдіктермен құрылыстары жүргізіліп жатыр. Мұның ішінде 1 қарашаға 25 мың оқушы орнына 14 мектеп пайдалануға берілді. Қалған мектептер осы жылдың соңына дейін 2024 жылы тапсырылуға беріледі.

2025 жылға қарай 1 млн оқушыға жаңа мектеп бұйырып, өңірлердегі мектеп мәселесі толық шешіледі деген жоспар бар. Яғни сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы Президент тапсырмалары кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр.

Авторлары: Диана Қадыр, Болотбек Табалдиев