Жаңа маусымда кейбір кейіпкерлеріміз есейген, тұлғалық қалыптары үшін күресіп жүр. Бес маусым бойы созылған телехикаяның ерекшелігі – шынайылығында. Көрермен картинадан өздерінің тұрмыс-тіршілігін сырттан көргендей болады, ой түйеді. Қай маусымда болмасын шығарманың ең әуелгі міндеті – үлкенді сыйлау, туыстар арасында сыйластықты сақтау, ауылдың мамыражай тіршілігі арқылы ауыл қазақ руханиятының темірқазығы екенін көрермен санасына жеткізу. Туындының мақсаты – ауыл өмірі арқылы мәдениетті насихаттау.